«Модульдік, кейстік, жобалық және проблемалық оқыту: болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың тиімді жолдары» деген тақырып — жоғары білім беру жүйесіндегі белсенді оқыту технологияларының интеграцияланған, ғылыми-әдістемелік негізін сипаттайтын кешенді ұғым. Бұл тақырыпта төрт белсенді оқыту технологиясы - модульдік, кейс-стади, жобалық, және проблемалық оқыту - болашақ маманның тұлғалық, кәсіби және шығармашылық дамуына ықпал ететін тиімді педагогикалық тәсілдер ретінде қарастырылады. Негізгі идеясы осы технологиялар арқылы студенттерге оқу мазмұнын жүйелі меңгереді (модульдік оқыту), нақты жағдаяттарда шешім қабылдауға үйренеді (кейс-стади), жобалық ойлау мен шығармашылық әрекетке тартылады (жобалық оқыту), проблемаларды шешу арқылы логикалық және дербес ойлауды дамытады (проблемалық оқыту). Яғни, бұл тәсілдер болашақ маманды дербес ойлайтын, жауапты шешім қабылдайтын, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді жолдары болып табылады. Жалпы алғанда, «Модульдік, кейстік, жобалық және проблемалық оқыту: болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың тиімді жолдары» дегеніміз - бұл жоғары білім беру жүйесінде қолданылатын белсенді оқыту технологияларының жиынтығы. Аталған технологиялардың бір-бірімен үйлесімді қолданылуы студенттің тұлғалық, кәсіби және шығармашылық әлеуетін жан-жақты дамытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік жүйе ретінде қарастырылады.
Модульдік оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы — бұл оқу мазмұнын ірі блоктарға (модульдерге) бөліп, әр модульді нақты мақсаттармен, мазмұнмен, тапсырмалармен және бағалау критерийлерімен ұйымдастыруға негізделген оқыту жүйесі. Бұл технологияда студент оқу процесінің белсенді субъектісі ретінде қарастырылады, ал оқытушы — бағыттаушы рөлін атқарады.
Жалпы «модуль» сөзі оқытудың мазмұны мен технологиясын білдіреді. Ал «модуль мазмұны» — өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. Модуль — оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.
Модульдік оқытудың технологиясы оқытушыға педагогикалық жүйенің негізін түсінуге жағыдай жасап отырып, оқытудың теориясы мен практикасын өзара байланыстыруға оны технологиялық деңгейге дейін көтеруге жағдай жасайды. Модульдік оқытудың технологиясы мынадай компоненттерден: мотивтік - мақсаткерлік, маңыздылық, оперативтік- іс- әрекеттілік, бағалы - қорытындылық.
Ұсынылып отырған модульдер - бұл оқу ақпараттылығын программалық жүйесін сақтау болып табылады. Мұның логикалық көкейтестілігі оның структуралық- құрылымы, модульдің жалпы оқу үрдісін саналы меңгеруге тигізетін әсері - оқытудың әдістемелілігі болып есептеледі.
Модульдік оқытудың мотивтік - мақсаткерлік құрылымдық жүйесінің әсер етін ерекшелігін талдау - олардың педагогиканың негезгі категрияларында алдын ала болжау, мақсаткерлік, мақсатқа жету т.б әрі қарай және зерттей түсу қажеттілігін көрсетті. Философияда модульдің негізгі категориясы мақсаткерлік - екі бағытта қарастырылады. Біріншісі, мақсаткерлік проблемасы адам қызметінің практикалық және танымдық заңдылығы болса, екіншіден, ол мақсатқа бағытталған және мақсатқа сәйкестілік ретінде табиғатпен қоғамға шындықпен қараудың педагогикалық жүйесі болып табылады. Модульдік оқыту үрдісінде- мақсаткерлік негізгі педагогикалық категория ретінде болашақ нәтиженің, іс-қимылдың, белгілі қызметтің қорытындысы және реттеушісі ретінде әсер етеді. З.В. Знак пен В.И.Бактинскидің пікірлерінше - мақсаткерлік белгілі бір қызметтің немесе іс- қимылдың мазмұнын қалыптастырады. Модульдегі мақсаткерлік жеке тұлғаның бағалы бағдарламасын сипаттайды және оның белгілі бір нәтижеге жетуін айқындайды.
Модульдік оқытудыңөзегі оқу модулі. Ол:
· ақпараттардың айқындалған блогынан:
· оқушы іс - әрекеті бағдарламасынан;
· бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалінің
нұсқауларынан тұрады.
Модульдік оқытуды зерттеген ғалымдарға тоқталатын болсақ:
В.П. Беспалько — модульдік оқытуды оқу процесінің технологиялық құрылымы ретінде қарастырып, оқыту сапасын басқару мен кері байланыс жүйесін негіздеген. Қ.Қабдықайырұлы — модульдік технологияны тұлғалық-бағдарлы оқытудың ұлттық үлгісі ретінде бейімдеген, қазақ аудиториясына сай әдістемелік жүйе ұсынған. А.В. Хуторской - құзыреттілікке бағытталған білім беру моделін жасап, модульдік оқытуды тиімді форма ретінде сипаттаған. З.В. Знак пен В.И. Бактинский - мақсаткерлік ұғымын модульдің философиялық және педагогикалық өзегі ретінде қарастырған. Л.С. Выготский - «жақын даму аймағы» теориясы арқылы модульдік оқытудың дамытушылық әлеуетін негіздеген. М.М.Жанпейісова модульдік оқыту технологиясын Қазақстанда алғашқылардың бірі болып зерттеп, оны оқу процесіне бейімдеген жетекші педагог-ғалым болып табылады. Ол «Оқу модулі» ұғымын нақтылап, үш бөлімнен тұратын құрылым ұсынды:
1. Кіріспе бөлім – оқу мақсаты мен мазмұнына ену;
2. Диалогтық бөлім – оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастыру;
3. Қорытынды бөлім – бақылау, бағалау, рефлексия.
Жанпейісова модульдік технологияны «толық меңгеру» әдістемесіне негіздеп, оқушылардың оқу материалын бірнеше рет қайталап, сатылай меңгеруінқамтамасыз ететін жүйе ұсынды. Ол оқу мотивациясын арттыру, оқушының белсенділігін күшейту, өзін-өзі реттеу мен бағалау дағдыларын дамытуға ерекше мән берді.
Модульдік оқытудың басқа жүйелерінен ерекшелігімен айырмашылығы: 1. Оқу мазмұнының меңгерілуі қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асатын жекелеген кешендер түрінде ұсынылады. Мақсат оқушы үшін қойылып, онда тек оқылатын мазмұн көлемі ғана көрсетіліп қоймай, оны меңгеру деңгейі анықталады. Сонымен қатар оқушының мұғаліммен жұмыс істеудің тиімді жолдары көрсетілген жазбаша нұсқау алады.
2. Мұғалімнің оқушылар мен қарым - қатынас түрі өзгереді. Ол модульдер арқылы, басқарушы мен бағынушы арасындағы жеке қарым қатынас үрдісі арқылы жүзеге асады.
3. Оқушы көп уақыт өз бетінше жұмыс атқарады, ол мақсат қоюға, өзін жоспарлуға, өзін ұйымдастыруға, өзін бағалауға үйренеді.
Модульдік оқытудың ерекшеліктері:
1. Модульдік оқытудың мақсаты оқушының өз бетінше жұмыс істей
алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйренеді.
2. Модульдік оқуыту іс-әрекет принцпіне негізделген: оқушының
кейде ғана емес, жүйелі түрде белсенді іс-әрекеті болғанда ғана білім мазмұны саналы меңгеріледі.
Сондықтан мұғалім тапсырмаларды дайындағанда оқушыларды оқу мақсатына бағыттайды, оның қабылдауына жағдай жасайды, балалардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүйесін анықтайды, сол арқылы өзін-өзі басқаратын рефлексифті оқыту үрдісін қамтамасыз етеді.
3. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген:
Егер оқушы тапсырманы мұғалімнің немесе сыныптастарының
көмегімен орындайтын болса, онда ол өзінің жақын даму аймағында деп есептеледі. Бұл баланың психикалық функциясын жетілуіне септігін тигізеді. Өткені ол бүгін басқалардың көмегімен орындалған тапсырмаларды ертең өзі орындай алады, яғни бір цикл аяқталады да, оқушы актуальды даму аймағына енеді. Осылай жаңа деңейде келесі цикл бастау алады.
Модульдік оқытуда бұл цикл мұғалімнің оқушыға беретін көмегінің мөлшері мен мазмұнын саралап, оқу әрекетінің әр-түрлі формада (жеке, топтық, тұрақты жұптың және ауыспалы құрамда) ұйымдастырылу арқылы жүзеге асырылады.
4. Модульдік технология негізінде бағдарламалы оқытуға арналған.
Бағдарламалы оқыту мынадай: іс-әрекеттегі нақтылық логика,
белсенділік және оқушының өзінше жұмыс істеу мүмкіндігі, жеке жұмыстың қарқыны, нәтижелерді салыстыру (аралық және қорытынды), өзін-өзі бақылау мен өзара бақылау - модульдік оқытуға да тән.
5. Модульдік технологияның қарқындылығы, интинсивтілігі оқыту
үрдісін оңтайландыруды, яғни аз күш, аз уақыт, аз құрал жұмсамай отырып жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.
Мұғалім мен оқушы іс-әрекетінің жүйесі. Модульдік бағдарлама жасаудағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі.
Бірінші қадам - оқу курсын жүйе деп қарастыру, оқу мазмұнының алғашқы құрылымын анықтау.
Мұғалім алдымен өзі, сонан соң әдістемелік бірлестікпен бірлесе отырып оқу пәнінің негізгі бағытын, өзегін анықтайды.
Келесі әрекет - әрбір өзекті бағыт бойынша әр сынып үшін оқу мазмұны тыңдалады. Таңдалған материал кесте түрінде көрсетіледі.
Мұғалім осылайша әр сынып бойынша, сыныптан - сыныпқа ілгерілеуді өз пәнінің мазмұнын көрнекті түрде елестете алады.
Екінші қадам- әрбір сынып үшін технологиалық карта жасалады. Осы картаны жасау арқылы оқытудағы ерекшеліктер мен қиындықтар тұрғысынан мұғалім оқу мазмұнын толық көре алады.
Үшінші қадам- модульдік бағдарламаны құру. Оны негізгі құрамдас бөліктері - дидактикалық мақсат және бағдарламаның модульдік жинағы болып табылады. Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі, ол таңдалған үлкен тақырып немесе бөлімнің мазмұнын ашу керек.
Содан соң үш деңгейдегі кешенді дидактикалық мақсат анықталып жазылады: алған білімнің, тұлғаның рухани дамуына, өмірлік тәжрибесі мен өзінің кәсіп таңдауына әсері, білімі, біліктілігі.
Төртініші қадам - кешенді дидактикалық мақсаттан (интиграциаланған) кіріктірілген дидактикалық мақсат бөлініп алынады. Мұнда ақпапаттрадың аяқталған блогын көрсететін мазмұны іріктеліп, анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейде мақсат анықталады сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.
Бесінші қадам - кіріктірілген дидактикалық мақсатты жеке дидактикалық мақсаттарға жүктеу және модульді құрайтын оқу элементтерін мазмұнын қалыптастыру.
Алтыншы қадам- модульдің өзін құру.
· Модульді құру әрқашан кіріктірілеген мақсатты анықтаудан
бастаталды. Оны кестеде оқу элементі ретінде белгілейді.
· Оқушының жұмысқа дайындығын анықтайтын алдыңғы
бақылау тапсырмалары беріледі.
· Барлық жеке мақсаттары анықталып, оқу элементтері
құрылады. Оқу элементтеріне мақсат қою, оқушылардың іс-әрекеті алгаритімі, біліммен дағдыны меңгеруден кейін анықтайтын бақылау және түзету тапсырмалары кіреді.
· Тапсырмаладық орындалу барысын қорытындылайтын модуль
элементі - резюме мазмұны толтырылады.
· Соңғы бақылау тапсырмалары құрастырылады. Ол модуль
мазмұнын, меңгеру деңгейін анықтайды.
· Модуль материалын жинақтаудың құрылымдылық логикалық
сызбасы мен құрастыруды оқушылардың жіберуі мүмкін қателері ойластырылады.
Жеке дидактикалық мақсаттар жиынтығы модульдік кіріктірілген мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Барлық модульдердегі кіріктірілгенмақсатардың жүзеге асуы модульдік бағдарламаның кешендік дидактикалық мақсатына әкеледі.
Жүзеге асырылған кері - байланыс білімді меңгеру үрдісін бақылау және басқару негізі.
Мұнда алдыңғы және соңғы бақылау мұғаліммен анағұрлым қатал жүргізілсе, ағымдағы және аралық бақылау жұмсақ өзіндік және оқушылардың өзара бақылауы түрінде өтеді.
Оқу және дидактикалық материал жеңіл, түсінікті, нақты, мәнерлі диалогты түрде түсіндіріледі.
Модульді тұрғызуда оқушылардың білімді меңгеру қабылдау, түсіну, есте сақтау, қолдану жинақтау және жүйелеу сияқты логикасы қатаң сақталады.
Сонымен тұжырымдайтын болсақ, модульдік оқыту технологиясы — қазіргі білім беру жүйесінің талаптарына толықтай сай келетін, тұлғалық-бағдарлы, құзыреттілікке негізделген, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дәлелденген оқыту жүйесі. Бұл технология оқытушыға педагогикалық процесті терең түсінуге, теория мен практиканы өзара байланыстыруға, оқу мазмұнын технологиялық деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің модульдік бағдарлама құрудағы әрекет кезеңдері — оқу мазмұнын жүйелеу, технологиялық карта жасау, дидактикалық мақсаттарды анықтау, оқу элементтерін құрастыру — оқыту процесін ғылыми тұрғыда ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бағдарламалы оқыту принциптерімен ұштасқан модульдік технология оқытудың қарқындылығы мен тиімділігін арттырады. Осылайша, модульдік оқыту технологиясы — болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың, білім мазмұнын саналы меңгертудің, оқу процесін оңтайландырудың және педагогикалық жүйені жаңғыртудың тиімді жолы болып табылады.
«Кейс-study» әдісі: шығу тарихына шолу
«Кейс-study» (ағыл. сase-study ‒ «оқиға, жағдаят» және «зерттеу») ұғымы «нақты жағдаятты талдау әдісі» деп аталады. «Кейс-study» (case study) — ағылшын тілінен аударғанда «жағдаят» және «зерттеу» деген мағынаны білдіреді. Бұл әдіс — нақты өмірлік немесе кәсіби жағдаятты талдау арқылы оқытудың белсенді формасы. Ол студенттің танымдық белсенділігін, шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзыреттілігін және ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар оқытушы да әртүрлі қызмет саласындағы немесе өмірлік жағдаяттарды талдау мен бағалау арқылы бірлескен танымдық іс-әрекетті жүзеге асады. Оқытушы – тыңдаушы тараптардың интеллектік деңгейі мен шығармашылық әлеуеті ашылады. Нақты жағдаяттарды талдау әдісі. Бұл тәжірибе жинау мен дағдыларды дамытуға арналған төмендегідей оқыту әдістерін қамтиды: - жағдаятта суреттелген бөлшектердің мағынасын ұғыну; - ақпараттар мен дәлелдемелерді талдау және жинақтау; - болжамдар мен қорытындылармен жұмыс жасау; - баламаларды бағалау; - шешім қабылдау; - өзгелерді тыңдау және түсіну, яғни топтық жұмыс дағд «Кейс-study» әдісі шетелдерде экономиканы және бизнес ғылымды оқытуда кеңінен қолданылады. «Сase-study» әдісі бірінші рет 1870 жылы Гарвард университетінде сабақ кезінде студенттермен белгілі бір мәселені жан-жақты талқылау мақсатында пайдаланыла бастады. Бұл әдіс 1920 жылы Гарвардтық бизнес мектебінде енгізілді. 1925 жылы Гарвард университетінің бизнес туралы есебінде алғашқы кейс топтамалары жарыққа шығарылды. Бұл әдіске деген шын мәніндегі қызығушылық жиырмасыншы ғасырда туындады. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары «Кейс-study» әдісін барлық елдердегі оқыту үдерісінде кеңінен қолданыла бастады. Соның ішінде экономикалық бағыттағы пәндерді оқыту барысында кеңірек қолданылды. Осы кезеңнен бастап «кейс-study» әдісін пайдалану мүмкіндігін арттыруға және ендіруде О.А. Овсянников, О.В.Козлова, Г.А.Брянский, Ю.Д. Красовский, Ю.Ю. Екатеринославский, Д.А.Поспелов, В.Я. Платов және т.б. үлкен үлес қосты. Соңғы уақыттарда мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруда тиімді инновациялық әдістерді іздестіру жалғасуда. Қазіргі таңда тәжірибеге «кейс-study» әдісін енгізу өзекті болып табылады. Сондықтан бұл әдіс екі үрдіске негізделеді: - біріншісі, оқыту үдерісінің жалпы бағытынан туындайды. Мұнда нақты білімге бағдарланбайды, кәсіби құзыреттіліктер, ептіліктер мен ойлау әрекетінің дағдылары, тұлға қабілетінің дамуы, ойлау парадигмасының ауысымы, ақпараттың үлкен ағымын өңдеу икемділіктері басты назарда болады; - екіншісі, бірінші тенденцияны қанағаттандырып ғана қоймай, маман сапасына қойылатын талаптардың дамуынан туындап, әртүрлі жағдаяттарда тиімді мінез-құлық қабілетін игеріп, дағдарыс жағдайында әрекеттің қарқындылығымен және жүйелігімен ерекшеленеді. «Кейс-study» әдісі топта жүргізілетін және өзара ақпарат алмасатын ұжымдық оқыту технологиясы болып табылады.
«Кейс-study» әдісі - синергетикалық технология. Топ мүшелерін жағдаят дайындауда, қалыптастыруда, білімді процедурасына еселеудің инсайттық енгізуге тиімділігін шыбыттануда, жаңалықтармен алмасуда және т.б. қолданылады. Кейс-study - дамыта оқыту технологиясын кіріктіреді. Жеке, топтық және ұжымдық дамуды, тыңдаушылардың көпқырлы тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Кейс-study - жобалық технологиялардың өзіндік әралуандылығын көрсететін әдіс. Әдетте жобалық оқытуда тыңдаушылармен бірлескен іс-әрекет арқылы бар мәселені шешу үдерісі жүретін болса, ал кейс-study- де жағдаяттар арқылы мәселелерді шешу жолдары қалыптастырылады. Бұл тиімді әрекет нұсқаларын ұғыну үшін әртүрлі техникалық тапсырмалар және ақпарат көзі болып табылады. «Кейс-study» технологиясының әдісі «табысқа маңызды жету» жетістіктерін топтастырады. Мұнда тыңдаушыларды белсендіре отырып, олардың табыстарын қолдау, жетістіктеріне көңіл аудару қарастырылады. Дәл табысқа жету әдістің ең негізгі қозғаушы күші болып табылады. Себебі тұрақты позитивті мотивация танымдық белсенділікті арттырады.
«
Кейс – study» әдісінің басты қызметі – талдау жасау тәсілі арқылы қарастыру мүмкін емес, күрделі құрылым жасалынбаған мәселелерді шешу. Бұл әдіс тыңдаушыларды шынайы, өмірлік жағдаяттармен бетпе-бет қалдырып, олардың іс-әрекет белсенділігін арттырады, аналитикалық және коммуникативтік қабілеттерін дамытады. Кейс – study-ді белсенді әдістердің «ілгерілеген» түріне жатқызады. Бұл әдістің басымдылығына мыналарды жатқызуға болады: - мәселелік оқыту қағидаларын пайдалану, шынайы мәселелерді шешу дағдыларын игеру, тұтастай мәселелік алаңда топпен жұмыс жасау мүмкіндігі. Бұл жағдайда оқып-білу үдерісі мәні бойынша өмірде шешім қабылдау тетігін имитациялайды, қайта айтуды қажет ететін терминдерді жаттап алумен шектелмей өмірлік жағдаяттарға пайдаланған тиімді болып келеді. Себебі мұнда тек терминдерді біліп және түсініп қою жеткіліксіз сәйкесінше, мәселені шешудің логикалық сызбасын құрып, өз ойымен дәлелдемелер ұсына алу; - командада жұмыс жасау дағдысын игеру(Team Job Skills); - қарапайым жалпылау дағдысын жасау; - презентация жасау дағдысын игеру; - пресс-конференция дағдыларын игеру, сұрақ қоя алу, жауапты дәйектеу. Тыңдаушылар жағдаяттарды талдай келе, ұқсас жағдайларда қолдануға болатын дайын шешімдерді игереді. Кейсті талдауда «білім қорын» кеңейтеді, орын алған жағдайды шешудің дайын сызбасын пайдаланады, мұнан да байыпты мәселелерді шешу дағдылары қалыптасады. Кейбір зерттеушілер «жансыз» және «тірі» кейстер болады деп есептейді. «Жансыз» кейстерді талдау үшін қажетті барлық мәліметтер болады. Кейстерді тірілту үшін талдауда тыңдаушыларға қосымша ақпараттар қосуға мүмкіндік беру қажет. Мұндай көзқарас кейсті дамытады және ұзақ уақыт өзекті болып қалуына мүмкіндік береді.
«Кейс-study» әдісі оқытушыны да креативті ойлауға, оны үздіксіз дамытып отыруға дағдыландырады. Бұл әдіс оқытушының жүргізетін дәрісінің мазмұнын ерекше құруға, шығармашылық қабілетін жетілдіруге негіз болады. «Кейс-study» әдісінің мүмкіндіктері:
- мәселелік оқыту қағидаларын пайдалану;
- шынайы мәселелерді шешу дағдыларын игеру, тұтастай мәселелік алаңда топпен жұмыс жасау;
- шешім қабылдау тетіктерін имитациялау;
- қажет терминдерді өмірлік жағдаяттарды пайдаланады;
- мәселені шешудің логикалық сызбасын құрып, өзінің ойына дәлелдемелер ұсынғана алуына сүйенеді;
- шынайы өмірдегі фактілердің негізінде мәселелік жағдаяттар құрады;
- тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады, қызығушылықтарын арттырады және зерттеушілік қабілеттерін, шешім қабылдаудағы коммуникативтік және шығармашылық дағдыларын дамытады. Оқытушы тыңдаушыларға «кейс-study-лік талдау» әдісі тосын жағдаяттарды шешу, күрделі мәселелер туралы жылдам және нәтижелі ойлауға, ғылыми теория мен танымдық әдіснама практикасында білімді пайдалануға дағдыландыратын әдіс екенін атап көрсету керек. Бұл тұрғыда «миға шабуыл» жаңа шешімдерді іздеу құралы ретінде ұсынылмайды, дегенмен, оның рөлі шеткері қалмайды, бірақ танымдық белсенді әрекет ретінде көрінеді. Кейс бойынша жүргізілген талдау нәтижелерін ұсыну немесе презентация жасау бұл әдістің өте маңызды аспектісі болып табылады. Жалпы өзінің интеллекттік өнімін көпшіліктің назарына ұсына білу, оны өтімді жарнамалау, оның қадір-қасиетін және тиімді пайдаланудың мүмкін бағыттарын көрсету, сондай-ақ, сынға төтеп беру қабілеті қазіргі заманғы маманның өте құнды интегралды сапасы болып табылады. Қандай бағытта болсын презентация жасау тұлғаның көптеген терең қасиеттерін шыңдайды: ерік-жігер, сенімділік, фокус, қадір-қасиет және т.б. Ол көпшілік алдында сөз сөйлеу, еркін қарым қатынас орнату, өзінің имиджін қалыптастыру дағдыларын дамытады.
Көпшілік алдында (ауызша) презентация кейс шешімдерін топқа ұсынуды көздейді. Ол көпшілік алдында әрекет ету және пікірталасқа қатысу дағдыларын барынша дамытады. Ауызша презентация тыңдаушыларға қысқа мерзімді әсер ету қасиетіне ие, сондықтан оны қабылдау және есте сақтау қиын. Спикердің дайындық дәрежесі ол қатысқан пікірталаста көрінеді. Барлық мәлімдемелерді айқын және даусыз етудің қажеті жоқ. Кейсті талдау кезінде материалдың бұлай берілуі пікірталастың басы бола алады. Ауызша презентация кезінде сөйлеушінің эмоциялық көңіл күйін ескеру қажет. Сөйлеушінің көзқарасы мен эмоциясы хабарлама мазмұнына айтарлықтай үлес қосады. Көпшілік алдында (ауызша) презентацияның артықшылықтарының бірі – оның икемділігі. Спикер қоршаған ортаның өзгеруіне жауап бере алады, өзінің стилі мен материалын аудиторияның көңіл-күйін сезінуге бейімдей алады. Көпшілік алдында жасалмайтын презентация онша әсерлі болмауы мүмкін, бірақ оның тәрбиелік рөлі өте зор. Көбінесе ашық болмайтын презентация тапсырманы орындау үшін есепті дайындау түрінде болады. Ал мәтінді дайындау, есепті дәл және нақты құрастыру, есептеулерде қателіктер жібермеу және т.б. сияқты қасиеттер ынталандырылады.
Кейсті жазбаша талдаудың негізгі ережесі – мәтіннен ақпаратты қайталамау, ақпарат қайта өңделген түрде ұсынылуы керек. Ең бастысы – ұсынылған материалды өзіндік талдау, оны қажетінше түсіндіру және ұсыныстар жасау. Жазбаша презентация есебі ауызша презентациядан кейін біраз уақыттан кейін берілуі мүмкін. Бұл тыңдаушыларға пікірталас барысында алынған барлық ақпаратты мұқият талдауға мүмкіндік береді. Кейсті талдау нәтижелерінің жазбаша және ауызша презентациясы топтық және жеке болуы мүмкін. Есеп тапсырманың күрделілігі мен көлеміне байланысты ол да жеке немесе топтық болып ажыратылуы ықтимал. Жеке презентация жауапкершілікті, жинақылықты, ерік-жігерді қалыптастырады.
Топтық-аналитикалық қабілеттер, материалды жалпылау, жобаны жүйелі түрде көру қабілетін дамытады. Презентация тыңдаушылардың алдында кейс ұсынғанда, оларды қызықтыруға тырысқанда немесе кейс бойынша жасалатын жұмыс ұзақ болғанда және тыңдаушыларға қиын жағдайды ұсынғанда оқытушыға керек болуы мүмкін. Аралық және соңғы презентацияларды бөліп көрсеткен жөн. Оның біріншісі аралық нәтижені ұсынады, соңғысы дайын шешімді береді. «Кейс-study» әдісінің педагогикалық әлеуеті дәстүрлі оқыту әдістерінің мүмкіндігінен едәуір жоғары. «Кейс-study» әдісінің құрылымында даулардың, пікірталастардың, дәлелдердің болуы талқылауға қатысушыларды жаттықтырады, қарым-қатынас нормалары мен ережелерін сақтауға үйретеді. Оқытушы бүкіл оқу үдерісінде жеткілікті эмоциялық мәнерлі сипатта болуы керек. Сонымен қатар жанжалдарды шешуі және оны болдырмауы, бір уақытта ынтымақтастық пен бәсекелестік ортасын құруы, тыңдаушылардың жеке құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуі керек. «Кейс-study» әдісін қолданған кезде оқытушының қызметі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – ғылыми-зерттеу, құрастыру және әдістемелік бөліктерден тұратын кейс пен оны талдауға арналған сұрақтарды құру бойынша аудиториядан тыс күрделі шығармашылық жұмыс. Кейсті талдау және талқылауға дайындық бойынша тыңдаушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз етуді, сондай-ақ оны талдау бойынша алдағы сабақты әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу ерекше назар аударуға тұрарлық мәселе.
Екінші кезең – оқытушының аудиториядағы іс-әрекетін қамтиды. Бұл кезеңде оқытушы кіріспе және қорытынды сөз сөйлейді, пікірталас немесе презентация ұйымдастырады, аудиториядағы іскерлік қатынасты қолдайды, тыңдаушылардың жағдайды талдауға қосқан үлесін бағалайды. Кейсті талдау және аудиторияда осы талдауды ұсынудың тиімді түрін табу оқытудың ең маңызды кезеңін білдіреді. Дәрістің басталуы (пікірталас немесе презентация) – оқытушының құзырында болатын негізгі кезең. Кейсті талқылау қалай басталатынына бүкіл дәрістің жалпы реңі, қызығушылығы мен бағыты байланысты. Тиімді болу үшін талқылаудың оқу стратегиясы мұқият дайындалуы, құрылымдалуы, уақыт бойынша реттелуі және бақылануы керек. Кейс - өмірге жақын мәселелік жағдаяттарды шешудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. «Кейс» әдісі ойлаудың креативтілігін, тыңдаушылардың шешім қабылдаудағы икемділігін қалыптастырады. Әсіресе, «soft skills»: командада жұмыс істеу, сендіру және ымыраға келу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Тыңдаушылардың шығармашылығы және жаңа форматты емес шешімдерді таба білуге мүмкіндік беретін ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі.
Кейс-тапсырманы орындау кезеңдері. Кейстің шешімі білім алушылардың жеке немесе топтық жұмысының өнімі болып табылады. Кейспен жұмыс кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:
Бірінші кезең – кейстің мәтінімен, оның ерекшеліктерімен танысу.
Екінші кезең-мәселелерді көрсететін фактілерді анықтау, негізгі мәселені бөліп көрсету, нақты әсер етуі мүмкін факторлар мен персоналды бөліп көрсету.
Үшінші кезең – мәселелердің иерархиясын құру (негізгі және екінші дәрежелі бөлектеу), шешілуі керек мәселені таңдау.
Төртінші кезең – мәселені шешудің нұсқаларын құру. "Миға шабуыл" жасауға болады.
Бесінші кезең - әрбір балама шешімді бағалау және белгілі бір шешім қабылдаудың салдарын талдау.
Алтыншы кезең-кейс бойынша түпкілікті шешім қабылдау, мысалы, әрекеттер тізімі немесе бірізділігі.
Жетінші кезең - жеке немесе топтық шешімдерді ұсыну және жалпы талқылау.
Сегізінші кезең - оқытушының жетекшілігімен оқу тобында қорытынды шығару. Кейс-тапсырманы талдауды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар тыңдаушыларды кейс мәтінімен таныстыру және кейсті кейінгі талдау олардың өзіндік жұмысы ретінде алдын ала (талқылаудан бірнеше күн бұрын) жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі білім беру жүйесінде «Кейс-study» әдісін тәжірибеге енгізу - өзекті әрі қажетті қадам. Бұл әдіс оқытудың дәстүрлі мазмұндық моделінен құзыреттілікке негізделген, тұлғалық-бағдарлы, әрекетке бағытталған парадигмаға көшуге мүмкіндік береді. Ол білім алушылардың кәсіби ойлауын, шешім қабылдау қабілетін, шығармашылық әлеуетін және өмірлік жағдаяттарда әрекет ету икемділігін дамытады.
«Кейс-study» - бұл синергетикалық, дамытушы және жобалық оқыту технологияларын кіріктіретін белсенді әдіс. Ол нақты жағдаяттарды талдау арқылы тыңдаушыларды шынайы өмірмен бетпе-бет қалдырып, аналитикалық, коммуникативтік және рефлексиялық қабілеттерін жетілдіреді. Бұл әдіс топтық жұмыс, интерактивті пікірталас, презентация, пресс-конференция, және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Кейс әдісінің басты артықшылығы - оқу процесін өмірлік шешім қабылдау тетігімен ұштастыруы, яғни білімді тек меңгеру емес, оны нақты жағдаяттарда қолдану. Бұл әдіс позитивті мотивацияны, табысқа жету сезімін, және өзіндік тәжірибе жинақтауды қамтамасыз етеді. Осылайша, «Кейс-study» — болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың, кәсіби құзыреттілікті дамытудың және білім беруді өмірмен байланыстырудың тиімді педагогикалық құралы болып табылады.
Жобалық оқыту технологиясы
Жобалау технологиясы XIX ғасырдың екінші жартысында АҚШ ауылшаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – психолог және педагог, философ Джон Дьюи.Дьюидің ілімін жалғастырушы – Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Уильям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. «Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі.» - деген екен Хилпатрик.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – білім алушылардыңқызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімделуі.
Жобалау технологиясының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға,шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясының ерекшелігі: - жоба әдісін оқушыларды оқыту үрдісіне белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді.
- оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді.
- жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы,тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі.
Жобалау әдісінің нәтижесінде жобада оқытушы сарапшы, үйлестіруші немесе қосымша мәліметтерді беруші ролін атқарады.Өз күшімен жоба тапсырманы орындауда үйренушілер өз жұмыстарын жоспарлау,оның нәтижесін болжау, бірігіп жұмыс істеу тәсілдерін меңгереді.
Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей әсер етеді. Жобалап оқыту технологиясы білімалушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Ол білім алушы оқу үдерісін оқытушымен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет.
Педагогикалық негіздеме
• Мұғалімнің шеберлігіне сену, оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысы, оқу үдерісін жобалау — бұл қазіргі білім беру парадигмасының негізгі талаптары.
• Мазмұн мен жүйелілік бірлігі — оқыту технологиясының құрылымдық және логикалық негізін қамтамасыз етеді.
Психологиялық және тұлғалық даму • Баланың дұрыс дамуы, мұғалім мен оқушының өзін жайлы сезінуі оқыту ортасының қауіпсіздігі мен эмоционалдық қолайлығын қамтамасыз етеді.
• Кертартпа шектеулерді жою — шығармашылық еркіндік пен тұлғалық дамуға жол ашады.
Дидактикалық талаптар
• Білім-білік-дағдыға кепілдік беру, тақырыптық жобалау, базалық деңгейді меңгеру — оқу нәтижелерінің сапасын қамтамасыз ететін дидактикалық принциптер.
Физиологиялық және нормативтік талаптар
• Міндетті нормаларды сақтау — оқыту процесінде бала денсаулығы мен жас ерекшеліктерін ескеру, бұл әсіресе бастауыш сыныптарда өте маңызды.
• Бұл принциптер психолого-педагогикалық және физиологиялық кеңестерге сүйенеді, яғни ғылыми негізделген.
Бұл принциптер — оқыту технологиясын жобалауда және тәжірибеге енгізуде басшылыққа алынуы тиіс негізгі бағдарлар. Олар оқушының тұлғалық дамуын, оқу сапасын, мұғалімнің кәсіби еркіндігін және оқу ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі білім беру жүйесі оқушыны тек білім алушы емес, мәселе шешуші, шығармашыл тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатқа жетудің тиімді жолдарының бірі — жобалау технологиясы. Бұл әдіс оқушылардың дербес және топтық әрекеті арқылы нақты мәселені шешуге бағытталған.
Жобалау технологиясының шығу тарихы
Джон Дьюи (АҚШ) оқытуды өмірмен байланыстыру идеясын ұсынған. Уильям Килпатрик - «жобалау әдісі» ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізіп, оқытуды мақсатты әрекетке негіздеген. Е.С. Полат - жобалау технологиясын қазіргі білім беру жүйесіне бейімдеп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен интеграциялаған.
Жобалау технологиясының мәні. Жобалау технологиясы - бұл оқушылардың нақты мәселені шешуге бағытталған, мақсатты, жоспарлы, зерттеушілік әрекеті. Ол:
• Оқушының дербестігін, шығармашылығын, құзыреттілігін дамытады
• Топтық жұмыс, пікірталас, презентация, рефлексия арқылы жүзеге асады
• Өмірлік жағдаяттармен байланысты білімді қолдануға үйретеді
Жобаның құрылымдық кезеңдері
1. Мәселені анықтау
2. Мақсат қою және жоспарлау
3. Ақпарат жинау және талдау
4. Шешім ұсыну және орындау
5. Нәтижені қорғау (презентация)
6. Рефлексия және бағалау
Жобалау технологиясының дидактикалық ерекшеліктері
• Проблемалық оқыту элементтерін қамтиды
• Іс-әрекетке негізделген оқыту
• Интеграцияланған мазмұн — бірнеше пәнді біріктіру
• Оқушының белсенділігі мен мотивациясын арттырады
• Оқу нәтижесін нақты өніммен көрсету (жоба, макет, презентация, т.б.)
Мұғалімнің рөлі
• Жетекші емес, фасилитатор
• Оқушыны бағыттайды, қолдайды, кері байланыс береді
• Жобаның сапасын бағалайды, рефлексияны ұйымдастырады
Қолдану салалары
• Жалпы білім беретін мектептерде
• Колледж, университеттерде
• Қосымша білім беру ұйымдарында
• Онлайн және аралас форматтағы оқытуда
Сөзімізді түйіндесек, жобалау технологиясы - бұл оқытудың белсенді, тұлғалық-бағдарлы, нәтижеге бағытталған формасы. Ол білім алушыны тек теориялық біліммен қаруландырып қана қоймай, оны өмірлік жағдаяттарда қолдануға, шығармашылықпен ойлауға, топта әрекет етуге және шешім қабылдауға үйретеді. Бұл технология оқушының дербестігін, зерттеушілік қабілетін, коммуникативтік дағдыларын және кәсіби ойлауын дамыта отырып, білім мен өмір арасындағы байланысты нығайтады. Сондықтан жобалау технологиясын оқу процесіне енгізу - заманауи білім берудің стратегиялық бағыты ғана емес, тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған педагогикалық жаңғырудың маңызды тетігі болып табылады.
Өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар: Сұрақтар
1. Модульдік оқыту технологиясының негізгі құрылымдық компоненттерін атаңыз.
2. Мақсаткерлік ұғымы модульдік оқытуда қандай рөл атқарады?
3. Модульдік оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйесінің айырмашылығы неде?
4. Мұғалім модульдік бағдарлама құруда қандай кезеңдерден өтеді?
5. «Кейс-study» әдісінің шығу тарихы қай елмен және қай ғалыммен байланысты?
6. Бұл әдістің негізгі кезеңдерін атаңыз.
7. «Кейс-study» әдісі қандай құзыреттіліктерді дамытады?
8. Жобалық оқыту технологиясының негізгі кезеңдерін атаңыз.
9. Бұл технологияның қандай артықшылықтары бар?
10. Жобалық технология мен кейс әдісінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
1-тапсырма. «Модуль» ұғымын сипаттай отырып, өз пәніңізге арналған шағын модульдік құрылым жобалаңыз (тақырып, мақсат, тапсырма, бақылау элементтері).
2-тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты нақты жағдаят ұсыныңыз және оны кейс-study әдісімен талдауға арналған сұрақтар мен шешім нұсқаларын құрастырыңыз.
3-тапсырма. «Болашақ маман тұлғасын қалыптастыру» тақырыбына арналған шағын топтық жоба ұсыныңыз (мақсаты, міндеті, күтілетін нәтиже, қорғау формасы).
4-тапсырма. Модульдік технологияның артықшылықтары мен шектеулерін салыстырып кесте түрінде көрсетіңіз.
5-тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты нақты жағдаят ұсыныңыз. Мысалы: «Бастауыш сынып оқушысы сабақта белсенділік танытпайды. Мұғалім не істеуі керек?»